Атырауда республикалық “Таза Қазақстан” акциясына белсене қатысқандар марапатталды. {Аймақта бір жыл бойы жүзеге асырылған тұжырымдамасының қорытынды шарасы өтті. Экологиялық мәдениетті дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты ұқыпты пайдалануға үлес қосқан үздік мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың және белсенді азаматтардың есімдері аталып, оларға Алғыс хаттар табысталды. Айта кетейік, өңірде жыл бойы 165 гектар аумаққа 450 мыңға тарта ағаш егілген. Алты мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
ЗАРИНА ТӨРЕБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
«Таза Қазақстан» акциясы аясында көптеген шаралар өткізді. Олар сенбіліктер, ұлкен-үлкен науқан , тал отырғызу, рейдтік шаралар да болды, сондай ақ экосағаттар, балабақшада баларға оқыту сабақтары, көрмелер, көріністер, квиздер, тренингтер, жалпы көптеген үлкен шаралар биыл қамтылды.
БИҒАЙША ЕРКІНОВА, «АЛТЫН БАЛЫҚ» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
«Жасыл балабақша» жобасымен жұмыс жасап жатырмыз қазіргі уақытта. Қыста, осындай салқын кезден бастап біздер бөлмеде, бөбекжай ішінде, рассадаларды өсіріп, көктем мезгілінде джалаға, аулаға шығарып, оның өнімдерін өсіріп, балалармен бірге баптап, соынмен қатар балалардың өзіне ұсынылады.