$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Қорғансыздар": ASTANA телеарнасында жаңа түрік телехикаясы көрерменге жол тартты

"Қорғансыздар": ASTANA телеарнасында жаңа түрік телехикаясы көрерменге жол тартты

Ата-анасынан айырылған алты ағайындыны Ыстамбұлдың қайнаған қу тірлігі аямайды. Далада қалған үрімдей жас балаларға жергілікті басшылар да қысым көрсеткен. Жетімдер қылмыстық топтардың да қудалауына ұшырайды. Жығылғанға жұдырық болған шытырманға толы оқиғалар мұнымен де толастамайды. Тек үйдің үлкені Азизе іні-қарындастарына бас-көз болып, қиындық артынан жарық  күн шығарына үміт артады. Жетім жүректердің жан айқайы бүгіннен бастап ASTANA TV телеарнасында. Сағат 22:10-да "Қорғансыздар" түрік телехикаясының алғашқы бөлімін жіберіп алмаңыздар.