$541.34 €640.73 ₽6.53
×

617 млрд теңгеден аса жәрдемақы төленді

25.11.2025ж. 09:48
617 млрд теңгеден аса жәрдемақы төленді
Фото: ОКҚ

Қазақстандықтарға 617 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді, деп хабарлайды Astana TV.

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 543,1 млрд теңге жұмсалды.

Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 74,6 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.