Қазақстан соңғы жылдары киік популяциясын сақтап қалу және қалпына келтіру бойынша елеулі табыстарға қол жеткізді, деп хабарлайды Astana TV.
Экология және табиғи ресурстар министрліктің дерегінше, жүргізілген ғылыми және қорғау шараларының нәтижесінде бөкендердің саны айтарлықтай артып отыр.
Бүгінде Қазақстандағы киік саны шамамен 5 миллион басқа жеткен. Салыстырсақ, 2003 жылы олардың саны бар болғаны 21 мың еді.