Қазақстанның үш ірі мегаполисінде қоқыс өртейтін зауыт салынады. Жобаның құны - 293 миллиард теңге. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бой көтеретін мекемеге шетелдік инвестиция тартылған. Биыл инвесторлармен келісімге қол қойылды. Кәсіпорын құрылысы 2 жылға созылады деп жоспарланып отыр. Жоба іске асса, толып тұрған полигондардың жүктемесі азайып, қайта өңделетін қалдықтардың үлесі мемлекеттік бағдарламалардағы мақсатқа сай 40%-ға дейін артады.
ЖОМАРТ ӘЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Бұл жобаларды іске асыру қалдықты қайта өңдеу деңгейін 40%-ға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл – Жасыл даму қаражатының экологиялық саланы дамытуға үлес қосып жатқанын айқындайтын бағыттардың бірі.