$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа жыл кезінде пойыз бен ұшақ билеті қымбаттай ма?

25.11.2025ж. 19:00
Жаңа жыл кезінде пойыз бен ұшақ билеті қымбаттай ма?

Елде жаңа жыл кезінде пойыз бен ұшақ билеттері қымбаттай ма? Жұртты алаңдатқан сауалға көлік министрлігі жауап берді. Вице-министр алдағы мейрам кезінде де, кейін де баға өспейді деп уәде берді. Құнын өзгеріссіз қалдыру үшін қосымша вагондар мен әуе рейстері іске қосылады. Тұрғындарға арналған орын саны, әсіресе, Алматы, Шымкент, Ақтау бағыты бойынша көбейеді.

МАҚСАТ ҚАЛИАҚПАРОВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Жалпы билеттер қымбаттамайды. Жолаушылардың елу пайыздан астамы сапарларын алдын ала жоспарлап, билетті ертерек сатып алады, тиісінше олардың бағасы да арзан болады.