Алматыда үш көлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті. Жолдың қақ ортасында тұтанған қызыл жалынның кесірінен ұзын-сонар кептеліс басталған. Тойота көлігінің иесі әл-Фараби даңғылы бойымен келе жатып, тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, Лексус көлігімен соқтығысқан. Артынша жолда тоқтап тұрған Лексусқа Хёндай көлігі соққан.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Тойота маркалы автокөлік өртенді. Оның жүргізушісі, жолаушысы, Лексустың жүргізушісі медициналық көмекке жүгініп, ауруханаларға жеткізілген болатын. Жол-көлік оқиғасының толық мән-жайын және себеп-салдарын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтауға кірісті.