Ақтөбеде бір аптада 50 мас көлік жүргізуші ұсталды. 33 адам қарсы жолаққа шығып кеткен, 120 адам көлікті құжатсыз басқарған. Полицейлер "Қауіпсіз жол" шарасы кезінде 2 жарым мыңдай заң бұзушылықты анықтады. Жыл басынан бері өңірде 1774 жол-көлік оқиғасы болып, 108 адам қаза тапқан. Есірткі тұтынып, рөлге отырғандар да бар.
АСЫЛХАН БЕКБОСЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Тойота камри автокөлігі тоқтатылып, 37 жасар жүргізуші есірткіге масаң күйінде болғаны және бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылып, жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар әртүрлі құқықбұзушылық үшін 213 көлік құралы коммуналдық айыппұл тұрағына қойылды.