$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада мектеп мұғалімдері мен есепшісі сотталды

Қызылордада мектеп мұғалімдері мен есепшісі сотталды

Мектептің бас есепшісі 51 млн теңге қаржыны жымқырған. Ол жымысқы әрекетін мұғалімдермен бірге жүзеге асырған. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы заңсыздықты облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті анықтады. Есепші 6 мұғалімге жалған алдын ала төлем жіберіп, оны өзара бөлісіп отырған. Қаржыны аударуға мектеп директордың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланған. Ал 2 жыл бойы жасалған қылмысты жасыруға бухгалтерлік бағдарламаға жетекшілік ететін жеке мекеме қызметкері көмектескен.  Аталмыш дерекке қатысты, білім ордасының директоры қатаң сөгіс алды.

БАУЫРЛАН ҚОНАҚ, ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Сот нәтижесінде бас есепші 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сыбайластарына қатысты шартты түрде жаза тағайындау жазасы белгіленді.  Қазіргі таңда сот барысында мемлекетке келтірілген 50 918 000 теңгенің, 8  млн 421 000 теңгесі өндірілді. Қалған қаражаттарды өндіру бойынша жұмыстар атқарылуда.