$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Халықтың 82% тұрмыстық зорлық-зомбылықпен тікелей немесе жанама жолыққан

Халықтың 82% тұрмыстық зорлық-зомбылықпен тікелей немесе жанама жолыққан

Қазақстандықтардың 82 пайызы тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен тікелей немесе жанама жолыққан. Оның басым бөлігі - әйелдер мен балалар. Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ұлттық баяндама таныстырылды. Құжат төрт бөлімнен тұрады: қазіргі жағдай, жасырын зорлық түрлері, профилактика шаралары және қолданыстағы саясаттың тиімділігі. Статистикаға сүйенсек, зорлық-зомбылық көбіне еліміздің солтүстік өңірлерінде тіркеледі. Бірақ сарапшылар бұл - ол аймақтарда зорлық көп деген сөз емес екенін айтады. Оңтүстікте керісінше, тіркелу деңгейі төмен болғанымен, күнде жәбір көріп жүрген, бірақ үнсіз қалған адамдардың саны әлдеқайда көп.

АҚНҰР ИМАНҚҰЛ, ОТБАСЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің көбейгені, ол тұрмыстық зорлық зомбылық фактілері көбейді дегенді білдірмейді. Ол керісінше, заң өзгерді ғой. Заң өзгергеніне байланысты керісінше ол құқық қорғау органдарының жұмыстары алға қойылғанын білдіреді. Олардың выявительный характер деді ғой, яғни соңынан емес алдын ала жұмыстар жақсырақ жұмыс істей бастағанын көрсетті.