Алматы облысы Талғар ауданында «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен турнир өтті. 14 пен 17 жас аралығындағы додаға 50-ден астам жасөспірім қатысты. Ұйымдастырушылар, турнирдің басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеп, жасөспірімдердің физикалық дайындығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру дейді. Сайыста жас палуандар салмақ дәрежелері бойынша өзара сынға түсіп, шын мықтыны анықтады. Жеңімпаздар марапатталды.
СЕРІК ДУМЧИБАЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«AMANAT» партиясының ұлттық мұра жобасы аясында ұйымдастырылуда. Бұл жарыста елуден астам бала қатысуда, жасөспірімдер. Жаңа айтып кеткендей 5-6 аудан бар. Бұл жердегі енді мақсатымыз осы жастарды спортқа баулу. Мынау қазақ күресін дамыту осы жастарды спортқа тарту. Негізгі мақсатымыз сол.