Қызылордада жастарды есірткі пайдалануға шақыратын көшедегі түрлі жарнамалар өшірілді. Бұл бастамаға «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен ерікті жастар, облыстық Полиция департаменті қызметкерлері үлес қосты. Қаланың сол жағалауына өтетін көпір асты мен өзен бойы тазартылды. Олар қабырғадағы жазуларды да өшірді. Бұл жастарды нысандарды күтіп ұстап, тазалық мәдениетін қалыптастыруға ғана емес, есірткі қылмысының алдын алуға сеп болады дейді ұйымдастырушылар.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Өкінішке орай керемет жерлерге біздің кейбір жастар өкілдерінің жазып кетуі, бүлдіруі бізге қатты жанымызға батады. Біз олармен тәрбие бағытында жұмыс жасау, бүлдірген жерлерді дұрыстау мәселесі және де есірткіге қарсы күресте «Жастар рухы» соны тазалап, дұрыстап бүгін міне 100-ге жуық жастар қатысып тұр.