$516.01 €582.47 ₽6.26
×

ДАИШ әлсіреді. Енді радикалдар екпіні басыла ма?

AstanaTV
16.12.2017ж. 20:00
2415
ДАИШ әлсіреді. Енді радикалдар екпіні басыла ма?

Сирия мен Иракта 16-ға толмаған 390 қазақстандық бала бар. 214 ұл, 176 қыз бала. Олардың бәрі тірі ме, билік білмейді. Елімізден барып соғысқан содырлардың көбі өлген, балалары қалған, қазір босқындар лагерлерінде. Анықтау қиын, себебі балалар әлі кішкентай, қайдан келгендерін білмейді, 3-4 жыл сонда тұрған. Кейбірі соғыс аумағында дүниеге келген. Мұны Сыртқы істер министрлігінің өкілдері айтты. Дегенмен 60-тан аса бала қайтарылған. Өткен аптада біз сөйлеткен оралдық келіншектің – 4 баласымен Сириядан қайтқан, күйеуі біз болжағандай, расымен содыр екен... ҰҚК төрағасының орынбасары Н.Білісбековтің Сенат қабырғасында айтқан мәліметі. Ал алдағы көктемде президент сайлауына түсетінін ресми мәлімдеген Ресей президенті В.Путин «Сирияны ДАИШ терроршыларынан тазарттық» деп хабарлағаны белгілі. Бітімгер президенттің «жеңісіне» АҚШ президенті Д.Трамп ортақтасғысы келе ме - «Сирияда жеңіске жеттік» деп, ол да айтты. Біріншіден, терроршылардың расымен тас-талқаны шықты ма? Екіншіден, енді радикалдар, оның ішінде қазақстандық радикалдар да Сирияға ұмтылуын доғара ма? Себебі оларды «бомбалап, быт-шытын шығардық» деген мемлекеттердің айтуынша, ДАИШ әлсіреді ғой.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

Сириядағы азаматтық соғыс бірталай соғыс бірталай саябырсыды. «Ислам мемлекеті», Джабхат ән Нусра бірталай соққы алды. Шегінді. Бірақ тас талқаны шықты деп айта алмаймыз. Бірталай күштерін сақтаған. Әлі де қатарында жасырын жағдайға жеткен сарбаздары бар. Кезінде  150 мың болған сарбазы, соның мың-мыңдап тұтқындалғанын, суретін көрген жоқпыз. Мерт болғанын – мың-мыңдап, көрген жоқпыз. Кезінде моджахедтер де солай болған. Халықпен сіңісіп кетеді. Бірақ ұйқылы жағдайда әрқашан соғысуға дайын. Бұнымен Сириядағы соғыс аяқталды деп айта алмаймыз... Содырлардың бірталайы Қазақстанға қайтуы ықтимал. Олар жайлы толыққанды мәлімет жоқ. Барлығын бірдей бағалауға болмайды. Себебі білмей барғандар, адасып барғандар жетеді. Соғысқа қатыспағандар бар. Әсіресе әйелдер, балалар. Бұл жерде қырағылықты, сезімталдықты, кәсіби жоғары деңгейді де білдіру керек...Бұл салдар ғана. Өртті сөндірудегі шаралар. Ал өртке не алып келді? Кезінде сол 300 бе, 500 бе, біздің азаматтар шетелге кеткенде қалай кетті? Жалғыз ғана интернеттегі насихат па? Басқа себептері болды ма? Әлеуметтік, рухани қолдау дегендей. Жетіскеннен соғысқа кетпейді ғой. Осы жағынан ойлану керек. Себебі Сириямен мәселе осымен бітпейді. Әлі де болса, шиеленісті орталар бар. Әлі де болса діннің атын жамылып, түрлі саяси арам пиғылды қозғалыстар әлемде жетеді.

Тағы бір мәселе –«ішіміздегі экстремистік, радикалды оймен жүретіндердің  арасында «сіңірі шыққан кедей» адамдар көбірек» дегенге саятын пікір үстемірек. Алайда олардың ішінде орташа тұратындар да аз еместігі кәдімгідей байқалады.Кәдімгідей ауқатты кісілер туралы үндемедім. Осыларға не «жетпейді»?..