2025 жылдың 9 айында нәресте өлімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% - ға төмендеп, 1000 тірі туылғанға 5,84 құрады, деп хабарлайды Astana TV.
Тимур Сұлтанғазиев мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмекті дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметтерін нығайту, жаңа туған нәрестелерді бақылаудың заманауи хаттамаларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
Сондай-ақ, бірінші вице-министрдің айтуынша, үш өңірде: Атырау, Абай және Жетісу облыстарында неонаталдық өлім көрсеткіштерін жақсарту үшін әлеует бар. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылдауда.
Қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, Денсаулық сақтау министрлігі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады.
Ерекше назар аударылады:
«Әр баланың денсаулығы - біздің басымдығымыз. Біз еліміздің әр өңірінде заманауи және сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болатындай оң өзгерістерді көріп, жұмысты жалғастырамыз», – деп атап өтті бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның кішкентай азаматтарының денсаулығын қорғауға бағытталған шаралардың оң серпінін сақтап, нығайтуға ниетті.