$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Кинотеатрға тыйым алынды. Әйтсе де тыйым жетеді. Сауд Арабиясы.

AstanaTV
16.12.2017ж. 20:00
2379
Кинотеатрға тыйым алынды. Әйтсе де тыйым жетеді. Сауд Арабиясы.

Сауд Арабиясының билігі алдағы жылдың көктемінен бастап кинотеатрлар ашылатынын хабарлады. 35 жылдан аса тыйымнан соң. 2030 жылға қарай 300 театр кино көрсетпек, бұл ішкі жалпы өнімді 24 млрд долларға еселейді деген жоспарлары бар. Бұрын да айтып жүргеніміздей, тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман әлеуметтік және экономикалық реформалар бастағаны мәлім. «2030 бейнесі» деуге болатын концепция аясында бірталай қысымның «құлпы» ашылғалы тұр. Мысалы, алдағы жылдан әйелдер автокөлік жүргізіп, спорттық шараларға қатыса алмақ. Әрине, тыйымдар жетеді - сауд әншісі, тележүргізуші Абдалла Шахани тікелей эфир кезінде Даб биінің қозғалысын салған, оны полиция ұстаған – себебі осы би марихуана шегуге үндейді деп есептеледі...Гарри Поттер туралы кітаптар мен фильмдерге тыйым салынған... Тағы да дегенмен - осы күзге дейін Сауд Арабиясында Facebook, Whatsapp және басқа да провайдерлер көрсететін IP-телефон қызметіне тыйым салынған етін. Билік интернет-коммуникацияны бақылауға алу қиын болғасын, демократияшылдардан немесе жанкештілерден тұратын оппозиция күштері арнайы қызметке білдіртпей халықаралық байланыс орнатуға ұмтылады деп қорыққан. Қазір саудия азаматтары мен тұрғындары дыбысты интернет байланысты қолдана алады, деп жазады, bbc.com/russian.