$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт ашылады

25.11.2025ж. 22:26
Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт ашылады
Фото: pixabay.com

2026 жылы Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы басталады, деп хабарлайды Astana TV.

Елордада қалдықтарды өңдейтін жоғары технологиялық кешен салу жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру шеңберінде Астана әкімдігі қытайлық Shenzhen Energy Environment компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойған. Бұл туралы Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

«Жаңа зауыт тәулігіне 1,5 мың тонна қалдықтарды кәдеге жаратуға және 50 МВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың бірінші тоқсанында басталады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 36 ай», — деді Жеңіс Қасымбек.