Петропавлда қуыршақтар театрында «Дала ноктюрны» деген спектакль қойылды – көрермен сахнаға шығып, ғасырлар қойнауына өзі «сүңгиді». Спектакльде сөз жоқ, музыка мен ишара. Сайраған құс, ұлыған қасқыр... ат тұяғының дүрсілі, майдан дүбірі. Дала сазы. Сөзсіз ұғатын спектакль туралы тілші тексті жоқ сюжет:
Мейрам Сәрсенбаев, қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:
Мынау Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, істегенбіз. Қазағымыз өткенде көшпенді болды ғой. Өзінің киіз үйлерін жинап, қай жер жақсы деп іздеп... Ол кезде қазақтардың басы біріккен жоқ. Барлығы әрбір жерде жеке-жеке қоныс құрып, осылай көшпенді болып жүріп жатты. Соны пайдаланып, мынау жоңғарлар болсын, басқа жау болсын шапқыншылық жасап, көп адамдарды құртып, халқымызды қаңғыртып - сондай кезеңді көрсетеді.
Нұрсұлтан Қалқабек, қуыршақ театрының актері:
Жоңғар әскері басшысының рөлін сомдадым. Шапқыншылық жасап жатқан кезде барлығын қырыңдар, ешқайсына аяушылық жасамаңдар деп, өз әскерімді жылжытып алып келу. Сондай қаніпезер адамды көрсетуге тырыстым.
Мейрам Сәрсенбаев, қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:
Одан кейін мынау революция кезеңі көрсетіліп жатыр, коллективизация дейді, өзімізге белгілі АЛЖИР. Біздің кінәсіз көп азаматтарымыз суыққа да тоңып, аштыққа да ұшырап, көп азаматтарымыз қырылды... Аяғында дастарқанның басында бәйтерек қойылады. Ол киелі бәйтерек. Оған мынау халқымыз бастарын иіп, тәжім етіп, құрбан болғандарға шүберек байлап. Бұл өткен кезеңді көрсетіп, мынау патриоттық сезімді ояту.