Әлем біріншілігі Германия мен Нидерландта өтуде.
Қазақстанның әйелдер құрамасы алдын ала кезең ойындарын Германияның Трир қаласында өткізеді.
Біздің құрама H тобына түсті. Бұл топтағы қарсыластары: Ангола, Норвегия және Оңтүстік Корея болмақ.
27 қарашада қазақстандықтар Ангола құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, өткен әлем чемпионатында Франция жеңімпаз атанған еді. Норвегия екінші орын алып, Дания қола жүлдеге ие болған.