$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Президент тапсырмаларын орындау: Цифрлық штаб Digital Qazaqstan-ның кең ауқымды цифрландыру Стратегиясының моделін бекітті

Президент тапсырмаларын орындау: Цифрлық штаб Digital Qazaqstan-ның кең ауқымды цифрландыру Стратегиясының моделін бекітті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Цифрлық штабтың отырысын өткізді.
Онда Digital Qazaqstan-ның экономиканың барлық салаларын трансформациялауға арналған Кең ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізу стратегиясының жүзеге асыру моделі қаралып, бекітілді.
Модель Цифрлық штаб шеңберінде басқарудың стратегиялық және операциялық деңгейін қарастырады. Операциялық басқаруды болашақ Цифрлық трансформация жөніндегі комиссия, яғни қазіргі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.
Құжат Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында белгіленген тапсырмалары шеңберінде әзірленуде.
Штаб Стратегияны әзірлеу негізінде тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, «орташа табыс тұзағын» еңсеру және Қазақстан цифрлық мемлекет форматына көшуге тиіс міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылдады.
Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға квазимемлекеттік сектормен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп атқару үшін келесідей тапсырмалар берді:
2025 жылғы 5 желтоқсанға дейін «мұзжарғыш» және технологиялық базисті қалыптастыратын жобаларды жасақтау;

2025 жылғы 31 желтоқсан күні Digital Qazaqstan-ның цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі Стратегиясының жобасын әзірлеуді аяқтау.