$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағандыда 5 адамның өмірін қиған көлік апатына кінәлі жүргізуші 5 жылға сотталды

26.11.2025ж. 19:00
Қарағандыда 5 адамның өмірін қиған көлік апатына кінәлі жүргізуші 5 жылға сотталды

Қарағандыда 5 адамның өмірін қиып, екі баланы ауыр жарақаттаған көлік апатына кінәлі жүргізуші 5 жылға сотталды. Оқиға қыркүйектің 13-і күні  Қарқаралы- Қарағанды тас жолында Ботақара кентінің маңында болған. Ford Mondeo көлігінің жүргізушісі тыйым салынғанына қарамастан ережені бұзып қарама- қарсы жолаққа шығып,  өз жолымен келе жатқан Changan CS55Plus көлігін соққан. Салдарынан ондағы үш жолушы мен соғылған машинаның бір жолаушысы және жүргізушісі қаза тапты. Екі баланың денсаулығына ауыр зиян келген.  Жүргізушінің жазасын жеңілдетуде оның өз кінәсін мойындауы ескерілді. Жазасын ол қауіпсіздігі төмен түзету мекемесінде өтейді. Зардап шеккендер өздеріне келтірілген залалды азаматтық сот арқылы өндіріп ала алады.

БЕКЗАТ ШАЛҒЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Соттың үкімімен аталған тұлға ҚК тің 345- інші бабының 4- інші бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Аталған баптың санкциясына сәйкес 5 тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.