$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Сұрағанын бергенде сәби аман қалар ма еді?": Жамбыл облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған шақалақ шетінеді, анасы ауыр халде

AstanaTV
26.11.2025ж. 19:00
"Сұрағанын бергенде сәби аман қалар ма еді?": Жамбыл облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған шақалақ шетінеді, анасы ауыр халде

"Сұрағанын бергенде сәби аман қалар ма еді?"  Жамбыл облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған шақалақ шетінеді. Ал анасы қазір ауыр халде, жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдің жақындары "дәрігерлерге ақша бермегендіктен осындай жағдайға душар болдық "дейді. Себебі, аяғы ауыр келіншектен  акушерлар кесір тілігін жасау үшін 20 мың теңге сұраған көрінеді. Оны бермеген соң, анаға да, балаға да қарамаған деп отыр.  Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы бұған не дейді? Тараптарды тілшіміз тыңдады.

Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Гүлім Оразбаева жүктілігінің 41 аптасында облыстық перинаталдық орталығына келген.  Оны аудандық аурухана толық тексеріп, құрсақтағы баланың дені сау екенін айтып, бұл жерге    кесір тілігін жасатуға жіберген. Ал мұндағылар әйелдің медициналық картасын да ашып қарамай, жеті күн жатқызып қойды дейді туыстары.  Өмірге келген шақалақ бір сағаттан соң шетінеген, ал анасы қазір  өлім аузында жатыр. Жолдасы дәрігерлер онан ақша сұрағанын айтады, соны бермегендіктен осындай болды дейді.

ЕРМҰХАН ӘМІРЕЕВ, ЖОЛДАСЫ:

20 мың теңге не істейін дейді. Аман есен босанып алсам, берем дедім дейді. Алдын ала емес деп айттым дейді.  Алдын ала бере алмаймын, егер алдын ала берсем ол босанатын еді сенбі күні кесарево жасай салатын еді.

АЙГЕРІМ МАРАТҚЫЗЫ, ӘПКЕСІ:

Сіңілім өздігінен босана алмайды, оны кесарьвомен осы жаққа жіберіп тұр. Врач менің сіңілімнің историясын қараған кезде, оның бетінде кесарьво дегенді оқыған кезде оны сол понедельник күні болмаса вторник күні жасап қою керек еді. Мен жанында болдым даже кесарьво жасашы, кесіңдерші деп жылаған кезде де бізге өзі туады, өзі туады деп аяғына дейін сіңілімнің өмірімен рисковать етті. Міне бала өлді.

Шетінеп кеткен шақалақ 4 келі 400 грамм боп туған.  Жақындары сәби өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Ол аздай дер кезінде кесір тілігін жасамай қан кетіп, салдарынан 35 жастағы ананың жатырын түгел алып тастауға тура келіпті.  Жақындары адам өміріне немқұрайлы қараған дәрігерлер жауапқа тартылсын деп талап етіп отыр. Денсаулық  сақтау басқармасы қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.  

ЕРІК МҰСАБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Зерделеу үшін жұмыс тобы құрылады. Сол арқылы тәуелсіз сараптама тағайындалып, комитет контроль медециноский қызметі бойынша деген бар. Сол жаққа жүгінеміз. + Заң бойынша қол ақы берудің қажеті жоқ. Ол заңсыз. Біздегі ҚР заңына сәйкес босандыру бәрі тегін өту керек.

Ай -күні жетіп тұрған әйелді  босандыру үшін ақша талап еткен дәрігерлердің әрекеті әшкереленсе,  акушерлік лицензиясынан айырылып, тіпті қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.