$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мемлекеттік бюджетке шамамен 850 млрд теңге қаражат қайтарылды

Мемлекеттік бюджетке шамамен 850 млрд теңге қаражат қайтарылды

Мемлекеттік бюджетке шамамен 850 млрд теңге  қаражат қайтарылды. Бұл қаржыға елімізде 10 жаңа мектеп пен 4 спорт нысаны салынды. Сонымен бірге, 235 денсаулық сақтау объектісінің және 177 су инфрақұрылымы нысандарының құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылды. Қайтарылған активтерді басқару компаниясынан мемлекеттік бюджетке 99 млрд теңге аударылған. Материалдық активтер аукциондар арқылы ашық тәсілмен сатылып келеді. Компания бас директоры Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, сатылған активтерден түскен қаржы Арнаулы мемлекеттік қорға аударылып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады.

ҚУАНЫШБЕК МҰҚАШ, ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Зергерлік бұйымдар бар, оның ішінде пәтер, бизнес нысандары, жер участкілері бар.  Біз компания 650-ге жуық аукцион өткіздік. Оның 114-і  жақсы аяқталды. 51 млрд теңгеге активтер сатылды. Қазіргі уақытта біздің компаниямыз 38 млрд теңгеге жуық ақшаны арнайы қорға жіберді.