$541.34 €640.73 ₽6.53
×

БҚО-да биыл 9 мыңға тарта тұрақты жұмыс орны ашылып, 3,7 мыңнан астам адам баспаналы болды

26.11.2025ж. 19:00
БҚО-да биыл 9 мыңға тарта тұрақты жұмыс орны ашылып, 3,7 мыңнан астам адам баспаналы болды

Батыс Қазақстан облысында биыл 9 мыңға тарта тұрақты жұмыс орны ашылып, 3,7 мыңнан астам адам баспаналы болды. Бұл туралы "AMANAT" партиясының осы өңірдегі аудандық филиалдарының жылды қорытындылаған брифингінде айтылды. Елімізде тұңғыш рет өткізілген басқосуда алдымен Ақжайық пен Бәйтерек ауданындарының партия филиалдары есеп берді. Олардың дерегінше, елдегі әлеуметтік жағдай түзелген. Бұған бағаны бақылау бағытындағы жұмыстар оң әсер еткендей. Сонымен қатар құрылыс пен жол салуға жұмсалар бюджет қаржысының дұрыс игерілуін тексеру де партиялықтардың жіті назарында. Өңірде сайлауалды бағдарламалардың орындалу қарқыны жоспарға сай. Биыл 9 мыңға тарта тұрақты жұмыс орны ашылып, 3,7 мыңнан астам азамат баспаналы болған.  Ал облыстағы ауыл халқының таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі   98% асқан.

АРТУР ЕРМҰХАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚО АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Біздер бұл жұмыстарды одан әрі қарай жалғастыра береміз. Ашықпыз әрдайым. Қабылдау бөлмемізге келіп те әр азамат өзінің мәселесін айтуға мүмкіндік бар. Байланыс телефондары арқылы біздің сайлаушыларымыз өздерінің мәселелерін жеткізуде, жеткізіп те келе жатыр. Қолымыздан келгенше шешіп жатырмыз.