Алматы облысы — инвестициялар үшін тартымды өңір. Мұндакәсіпкерлікті қолдау, жаңа өндірістерді дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру басты назарда. Соның айқын көрінісі — индустриалдық аймақтар.
Мысалы, өткен жылы ашылған «Қайрат» индустриалдық аймағында төрт жоба іске қосылып, 47 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары тағы 19 жобада жүріп, олардың жалпы құны 66 млрд теңгеден асады. Осы тәжірибеге сүйене отырып, облыста 15 жаңа индустриалдық аймақ құру жоспарланып отыр. «Қайрат-2» шетелдік инвесторлар есебінен салынып, Үлкен Алматы айналма жолының маңындағы аймақтар жер иелерімен бірлесіп жүзеге асырылады.
Индустриалдық дамудың арқасында шағын және орта бизнес те өркендеуде. Бүгінде өңірде шағын және орта бизнестің үлесі өңірлік өнімнің 46,3%-ын құрап, олардың саны 156 мыңнан асты. Бұл салада 273 мың адам еңбек етуде, яғни өңірдегі жұмыс істейтін әр үш адамнан бірі осы кәсіпорындарда жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы — облыстың тағы бір негізгі тірегі. 2024 жылы ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 682,3 млрд теңгеге жетіп, өңірлік өнімнің 7%-ын құрады. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 751 млрд теңге деңгейінде жоспарланған.
Облыс өнімдерінің экспорты да жыл сайын өсуде. «Шин-Лайн» компаниясы балмұздақ өнімдерін Сауд Арабиясына, Ресейге, Қытайға және Орталық Азия елдеріне жеткізеді. «Fruit Art» сублимациялық өнімдерді шығарады, ал «LST AGRO» жылыжайындағы томаттың 90%-ы Ресейдің ірі сауда желілеріне тікелей экспортталады. Соның нәтижесінде ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 345,2 млн АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға өсті.
Мемлекеттік қолдау да тиімді жүзеге асырылуда: облыста 13 сүт-тауарфермасысалынды, республикалық бюджеттен 15 млрд теңге бөлінді. Ағымдағыжылы 7 100 бас ірі қарамалға арналған 11 жаңа сү тфермасының құрылысы аяқталмақ. Шалғай аудандардағы шаруалар үшін өнім өткізу мүмкіндігін кеңейту мақсатында «Pepsi Co» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, Нарынқол картоптарынан «Lays» өнімдері шығарылады.
Облыс ауылшаруашылығына бөлінетін субсидия көлемі бойынша 8-орында болса да, өнім көлемі бойынша республикада тұрақты түрде 5-орында. Әр 1 теңге мемлекеттік қолдауға 17 теңгеге өнім шығарылады — бұл республикада еңжоғары көрсеткіштердің бірі.
Қорытындылай келе, Алматы облысы индустриалдық даму мен ауылшаруашылығының үйлесімін тиімді қолдана отырып, инвестициялық тартымдылығын арттыруда. Жоспарланған индустриалдық аймақтар мен мемлекеттік қолдау бағдарламаларының арқасында облыстың экономикасы тұрақты өсімге ие болып, тұрғындар үшін жаңа жұмысорындары мен даму мүмкіндіктері ашылып отыр.