$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Майқайың алтын шахтасындағы апатқа кінәлі 6 лауазымды тұлға сотталды

27.11.2025ж. 19:00
Майқайың алтын шахтасындағы апатқа кінәлі 6 лауазымды тұлға сотталды

Майқайың алтын шахтасындағы апатқа кінәлі 6 лауазымды тұлғаға сот үкімі шықты. Кен орнының бұрынғы директоры Қуаныш Ботин 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның орынбасары Қанат Башаров пен бас инженер Андрей Шувалов 3 жыл 6 айға сотталды. Тағы екі иженер  Дінмұхаммед Қайыпханұлы мен Берік Назаровқа сот 3 жыл жаза кесті. Кәсіпорынның тағы бір инженері Иван Терешковқа жеңілдетілген үкім шығарылды. Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға 2024-жылдың 4-қаңтарында болған. «Майқайың алтын» кенішінің бір бөлігі опырылып, құтқарушылар отырған автобус жер астына  құлап кеткен болатын. Салдарынан 4 құтқарушы да қаза тапты. Екі адамнның денесі апат болғанның күннің ертеңінде қазып алынды. Алайда, тағы екі құтқарушының мүрдесін табу ұзаққа созылды. Іздеу жұмыстарының қиындығына байланысты 6 ай өткен соң мүрдесі жер бетіне шығарылған болатын.

МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Сот үкімімен барлық сотталушылар қылмыстық кодекстің 207 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, Т-ға қылмыстық кодекстің 55-бабы 4-бөлігінің талаптарын қолдануымен 75 жасқа толған жасын және денсаулығының жағдайын ескеріп, 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады. Сондай-ақ, сотталушылар 2 жыл мерзімге тау-кен саласында басшылық қызметтер атқару құқығынан айырылды.