Ақ үйдің жанында атыс болды. АҚШ Ұлттық Ұланының екі сарбазын дәл жандарына келіп атып кеткен. Трамп ашуға мініп, мигранттарға қарсы саясатты одан сайын күшейтеміз, - деді. Ал, Германия Трамп пен Ресей билігінің Украина бойынша келіссөздерін қабыл алмаймыз деп наразылығын білдірді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Бұл жексұрынды өзім жазалаймын. Ақ үйдің жанында Ұлттық Ұлан сарбаздарын атып кеткен. Күдікті 2021-і жылы Ауғанстаннан эвакуацияланған бұрынғы әскери қызметкер деп хабар таратылуда. Трамп болса, кезекті рет демократиялық партияны кінәлауды жөн көрді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Америка ешқашан терроризмнің алдында тізе бүкпейді. Байденнің кезінде келген заңсыз мигранттардың ішінде осындай қылмыскерлер болатынын білгенмін. Біз құтқардық деп жүргендер осындай басбұзарлар өзімізге оқ атты. Оны өлім жазасына кесу керек.
Украинаның тізе бүгуіне жол бермейміз. Германия басшысы Фридрих Мерц осылай деді. Оның айтуынша, алғашқы бейбіт жоспар Украина үшін тиімсіз.
ФРИДРИХ МЕРЦ, ГЕРМАНИЯ КАНЦЛЕРІ:
Украинаның қауіпсіздігі, әлбетте, барлығымызды алаңдатады. Сондықтан, барлық шарттар Украинаға ұнаған кезде ғана соғыстың тоқтауына келісеміз. Ел тағдырын екеуара ғана шешіп кетуге жол бере алмаймыз.
АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасау үшін плацдарм дайындау үстінде. Қорғаныс министрі Пит Хегсет жұмыс сапарымен Доминикан Республикасына барып, ел басшылығымен келісім жасады. Енді, осы елде АҚШ әскері шоғырланбақ.