Елімізде тоғыз айда 14 мыңнан астам интернет алаяқтық фактілері тіркелген. Бұл цифрлық сауатсыздықтың салдары. Осы олқылықтың алдын алу мақсатында елордада «Сандық қауіпсіздік сабақтары» атты форум ұйымдастырылып жатыр. Шара «Заң мен тәртіп» акциясы және «Jargyn Bolashaq» жобасы аясында ұйымдастырылуда.
Форумның басты мақсаты – жастар үшін қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыру, сандық және қаржылық сауаттылықты дамыту, алаяқтық схемалары мен лудоманияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру. Шараға 1300-ден астам жоғары оқу орындарының студенттері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда.
АРАЙЛЫМ САПАРӘЛІ, “АСТАНА ЖАСТАРЫ” ЖРО БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Жастар арасында танымал блогер, медиа тұлғалармен бірлесе отырып, солардың мысалында қаржылық сауаттылық пен интернеттегі алаяқтықтың алдн алу бойынша кездесулер, танымдық-ақпараттық лекцияларды ұйымдастырып отырмыз.
Жастар сандық қауіпсіздік негіздерімен, интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерімен, дипфейктерді анықтау жолдарымен, «жеңіл табыс» тұзағынан сақтану және қаржылық қылмыстарға тарту схемаларын әшкерелеу әдістерімен танысты.
КЕЛДІБЕК ЕСЕТОВ, СТУДЕНТ:
Кибер атака, мошеннишество қалай жүргізіледі, қалай алданады. Көбінесе, үлкен кісілер мен жастар алданады екен.Одан қалай қорғану керек екені жайлы лекцияда айтылды.
Айта кетейік, форумды «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен Қаржы мониторингі агенттігі бірлесіп ұйымдастыруда. Басты мақсат - жастар мен мемлекеттік органдардың өзара сенімін нығайтып, қауіпсіз цифрлық болашақ қалыптастыру.