$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысы 3 жыл ішінде өндірілетін тауар көлемін 2 есе ұлғайтқан

Алматы облысы 3 жыл ішінде өндірілетін тауар көлемін 2 есе ұлғайтқан

3 жыл ішінде өндірілетін тауар көлемін 2 есе артып, республикада 5-і орынға көтерілді. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев журналистерге арналған баспасөз мәслихатында осылай деді. Аймақта сүйіншілейтін жаңалық көп. Еркелді Тілеуқұл рет-ретімен айтып береді.

Жастарға аса көп көңіл бөлеміз. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев осылай деді. Өңірде соңғы жылда Жоғары Оқу орындары мен мәдени нысандар ашылған. Спорт та ұмыт қалмақ емес.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Футбол сүйер қауымға жақсы жаңалық! Талғар қаласында қос бірдей халықаралық стандарттарға сай футбол академияларын атап өткім келеді: испаниялық «Атлетико Мадрид» футбол академиясында еліміздің түкпір-түкпірінен 113 оқушы білім алуда және Қазақстан футбол федерациясының заманауи академиясының құрылысы басталды.

Сонымен қатар, биыл жұмысшы мамандық жылында кәсіпорындар үшін де, онда жұмыс істейтін жастар үшін ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс жасалды. Әсіресе, кәсіптік колледждердегі студенттер саны артып, бағдарламалары да жаңғыртылды.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЛИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жалпы, біздің колледждерді бітірген түлектердің 81 пайызы сол жылы-ақ, жұмыспен қамтылып отыр. Ол, біріншіден білім сапасын және мамандардың қажет екенін көрсетіп тұр.

Алматы облысы туризм десе, еске түсетін өңірлердің алдыңғы қатарында. Өңір басшысының айтуынша, бұл әлеуетті пайдалану үшін кешенді жоспар әзірлеп, жұмыс басталып кеткен.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгінгі таңда облысқа келген туристер саны 2,2 млнадамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 36% өсім көрсетті.

Айта кетейік, өңірдегі инвестиция тарту қарқыны қарымды. Ішінде әлемдік брендтердің өңірлік кеңселері мен кәсіпорындары ашылып, жұмысын бастап кеткен.