Павлодар қаласында ерекше білім беруді қажет ететін 3644 бала бар. Оның 1638-і инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша білім алады. Қазір ерекше балаларды қоғамнан бөліп жармас үшін балабақшалар мен мектептерде, тіпті колледждерде қатар оқуға мүмкіндік беретін арнайы оқу бағдарламасы құрастырылған. Сол арқылы әр сыныпта, әр топта бір баланы қатарластарымен қатар оқытуға мүмкіндік жасалынған. Мектеп жанынан 20 инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Мамандардың пікірінше, дамуында түрлі ауытқушылығы бар бүлдіршіндер саны жыл санып артуда. Сол себепті мамандар бұндай балалармен жүйелі жұмысты қолға алған. Бұл ретте әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жеткеншіктердің қалыпты өмірге оралуына барлық мүмкіндік жасалады. Қалада «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» орталығы да жұмыс істейді.
ІҢКӘР СЕРҒАЗИНА, ҚАЛАЛЫҚ «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЛОГОПЕД МАМАНЫ:
Даму ерекшеліктерін анықтау бұл «ПМПК»-ның негізгі қызметіболып табылады. Міндеті керісінше. Қызметтеріне келетін болсақ. Балалардың даму ерекшелігін ерте жастан анықтау. Бұл балаларға дұрыс бағыт бағдар беру. Арнайы мектептерге, арнайы балабақшаларға, оңалту орталықтарына түзету дамытушылық кабинеттерге жіберу біздің мақсатымыз.