$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан мен Аустрия парламентаралық ынтымақтастықты күшейтеді

Қазақстан мен Аустрия парламентаралық ынтымақтастықты күшейтеді

Астанаға жұмыс сапарымен келген Аустрия Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары Мәжіліске арнайы келіп, төрағамен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық байланысты нығайту мәселелерін талқылады. Ерлан Қошанов Аустрияның Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктесі екенін атап өтіп, парламентаралық дипломатия аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Ол еліміздегі реформалар мен жаңа кодекстерді әзірлеу барысын қысқаша баяндап, Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндеті бойынша депутаттардың жұмысын атап өтті. Петер Хаубнер цифрландыру саласында тәжірибе алмасу әлеуетінің жоғары екенін жеткізіп, аустриялық кәсіпкерлердің Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып отырғанын айтты. Тараптар парламентаралық алаңдардағы өзара жұмысты күшейтуге және сауда, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика бағыттарындағы серіктестікті дамытуға келісті.