Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Астана» телеарнасы «Youtube» бейнехостингінің үздіктер сапынан табылды

AstanaTV
11.12.2017ж. 20:00
4400
«Астана» телеарнасы «Youtube» бейнехостингінің үздіктер сапынан табылды

«Астана» телеарнасы биыл да «Youtube» бейнехостингінің үздіктер сапынан табылды. Отандық телеарналардың ішінде жазылушысы 100 мыңнан асқан ақпарат құралы ретінде марапатқа ие болды. Редакция ұжымына ғаламтор кеңістігіндегі танымалдылығы үшін «Күміс бастырма» сыйлығы табыс етілді. Бүгінде арнаның «Youtube»-тегі каналына жазылушылар саны 151 мыңнан асады. Көп қаралған дүниелердің ішінде ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар, «Ел аузында» хабары мен сериалдар бар. Алматыда «Видео бәйге» деген атаумен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

«Серебряная кнопка вручается… Астана ТВ»

Самсон Безмятежный, «GENESIS YOUTUBE QAZAQSTAN» директоры:

Қазақстандық Youtube-тің ай сайынғы пайдаланушылары 10 млн адамнан асты. Бұл авторлық контент үшін үлкен аудитория деп ойлаймын. Әсіресе қазақ тілді контент артып келеді. Күн сайын жаңа авторлар пайда болып жатыр.