$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұлытау облысында полицейлер 100-ге жуық малды иелеріне қайтарды

Ұлытау облысында полицейлер 100-ге жуық малды иелеріне қайтарды
Polisia.kz.

Ұлытау облысында полицейлер 100-ге жуық малды иелеріне қайтарды. 5 қыркүйектен бастап облыс аумағында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Полиция қызметкерлері 2300 шаруа қожалығын тексерді. Мал соятын арнайы 6 орын мен ет сататын 34 дүкен, базар тексерілді. Криминалды полиция қызметкерлерінің жүйелі жұмысының нәтижесінде 15 мал ұрлығы фактісі ашылды. Жедел-іздестіру іс-қимылдары барысында 17 адамнан тұратын 4 қылмыстық топ ұсталды, олардың ішінде 6 адам сот шешімімен түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар мал ұрлығының екі эпизодына қатысы бар екі тұлғаның да кінәсі дәлелденді. 100- ге жуық мал басы иелеріне қайтарылды. Іс-шара аясында қараусыз жүрген малдар уақытша айып тұрақтарына қамалады. Бүгінгі таңда облыс бойынша 26 арнайы мал қамайтын орын жұмыс істейді.