$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Әкімдер мектебі" жаңа жобаларды жүзеге асыруды үйретті", - ауыл әкімі

"Әкімдер мектебі" жаңа жобаларды жүзеге асыруды үйретті", - ауыл әкімі

Ең жас әкім ретінде карьерасын бастағандардың бірі - Сағдат Нұрмағанбетов. Ол небәрі 27 жасында Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов ауылының тізгінін ұстады. Тұрғындар бірауыздан қолдап, дауыс берген. Сенімге селкеу түсірген емес. «AMANAT» партиясының «Әкімдер мектебі» жобасы бойынша білімін жетілдіріп, тәжірибесін шыңдады. Қазір ол басқаратын елдімекен еліміздегі туристік 5 ауылдың қатарына енген.

Сағдат Нұрмағанбетов  27 жасында ең жас әкім ретінде карьерасын бастаған. Қызметін 9 жылдан бері абыроймен атқарып келеді. Биыл «AMANAT» партиясының «Әкімдер мектебі» жобасы бойынша білім жетілдіріп, тәжірибесін шыңдады. Ол мен үшін әріптестік байланысты нығайту ғана емес, ауыл экономикасын дамытудағы жұмыстарымды одан әрі жетілдіруге оң серпін берді дейді.

САҒДАТ НҰРМАҒАНБЕТОВ, НАҒИ ІЛИЯСОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Жауапкершіліктен қорықпауды, адамдармен тілтабыса білуді үйретті. Сонымен қатар әр ауылдың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес кәсіпкерлік жобаларды қалай жасауды, оны қаржыландыру жолдарын да үйренік. Қазіргі таңда алған білімімізді жұмыс бабында пайдаланудамыз.

Нағи Ілиясов ауылының  тұрғындары егін шаруашылығымен тұрақты айналысады. Күріш, тұз ауылдың брендіне айналған. Шығарылатын өнімдер шетелге дейін экспортталады. Елдімекен биыл табиғи газге қосылып, коммуналдық мәселелер түгел шешілді. Ал әлеуметтік нысандардың барлығы заман талабына сай жаңартылып, жабдықталған.

ТӨРЕБЕК ЖҰМАБЕКҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Әкім инвестормен тіл табысып, халықпен тілдесіп, Халыққа жыланы 2 рет есеп береді. Қандай тірлік болмасын атқарылатын істі алдын ала халықпен ақылдасып алады.  Халықтың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы шүкір жақсы.

ГҮЛЗАТ АМАНГЕЛДИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бізде ауыл жастары үшін барлық жағдай жасалған. Оның ішінде спорт кешені және мәдениет үйінде түрлі секциялар жұмыс атқарады. Ауылымызға қонықтар тек көрші ауылдар, көрші аудандар емес, сонымен қатар република, шетелдерден де келіп ауылымыздың керемет әсемдігін көріп тамсанып жатады.

Бүгінде Нағи Ілясов еліміздегі туристік 5 ауылдың қатарына енген. Береке-бірлігі жарасқан 2 жарым мыңға жуық халқы бар елдімекенге сырттан көшіп келушілер де көп.