$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылған 42 оралдыққа марапат берілмей қалған

28.11.2025ж. 19:00
Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылған 42 оралдыққа марапат берілмей қалған

Ұлы Отан соғысы кезінде оралдық 42 жауынгер Кеңес одағының батыры атағына ұсынылған. Бірақ түрлі себептермен ең жоғары марапат оларға берілмепті. Тарихшылардың айтуынша, басын ажалға тіккендердің кейбірі бұл атаққа бірнеше рет ұсынылған. Бірақ олардың бұл ерлігі ескерусіз қалып, орнына орден, медаль ғана беріліпті. Мұрағат ақтарған мамандар майдан даласында хабарсыз кеткен мыңдаған боздақтың дерегін тауып, оларға бұйырмаған марапаттарды да анықтап жатыр. Айта кетелік, екінші жаһан соғысына Ақжайықтан аттанған 76 мың жауынгердің жартысынан астамы ерлікпен қаза тапқан еді.

АХМЕДИЯР БАТЫРХАНОВ, МӘНШҮК МӘМЕТОВА МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Соғыс жылдары штабта отырған офицерлер, штаб қызметкерлері майдан даласында минут сайын адам оққа ұшып жатса, олардың ерліктерін сараптап отырған болар деген жеке ойым бар. Себебі әр марапат қағазында, наградной листте архивте ұлттары жазылып отырған. Қазақ, татар, әзербайжан, орыс, украин, белорус. Қазақ халқының ұл-қыздарының көбі осы солақай саясаттың салқыны тиген деген ойым бар.