$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елордада үздік автобус жүргізушілері анықталды

AstanaTV
28.11.2025ж. 19:00
Елордада үздік автобус жүргізушілері анықталды

Елордада «Үздік автобус паркінің жүргізушісі – 2025» байқауы өтуде. Мұндай жоба елде алғаш рет ұйымдастылуда. Іс-шара жүргізушілердің кәсіби деңгейін арттыруға, қауіпсіз жүргізу мәдениетін дамытуға және осы мамандықтың маңызын насихаттауға бағытталып отыр.

Шара «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Үздік» жобасы аясында өтуде. Ұйымдастырушылар бұл шара үздік мамандарды анықтап, олардың еңбегін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік береді деп сенеді.

АЛУА БАТЫРБАЕВА, “АСТАНА ЖАСТАРЫ” ЖРО МАМАНЫ:

Бұл ісшараның мақсаты - NEET санатындағы жастардың санын азайту. Және де осындай салаларды жастарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылып жатыр. "Үздік" жобасы бізде 4 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биыл жұмысшы мамандықтарға көңіл бөліп жатырмыз.

Байқауға 16 жүргізуші қатысуда. Олар өз дағдыларын, маршруттарды жетік білуін және түрлі жағдайда жұмыс істей алу қабілеттері бойынша сайысқа түседі.

ЕРІК ӘУБАКІРОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

Мұндай іс-шаралар Мәскеу, Санкт-Петербург және Минскіде өткізіліп келеді, оған біздің жүргізушілер де қатысқан. Бұрын арнайы алаң болмағандықтан, бізде мұндай деңгейде қатысу мүмкіндігі болмады. Жаңа алаңның ашылғанына қуаныштымын. Әзірге шағын іс-шаралар ғана өтуде, бірақ келесі жылы олар үлкенірек әрі ауқымдырақ болады деп сенемін. Басқа қалалардан да қатысушылар келе алады.

Автобус жүргізушісінің жұмысы — мыңдаған жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін күн сайын атқарылып жатқан үлкен жауапкершілік. Қала тұрғындарының уақтылы жетуі, күнделікті жайлылығы — олардың еңбегінің көрінісі.