$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралдық жастар Таза Қазақстан акциясына белсене ат салысты

28.11.2025ж. 19:00
Оралдық жастар Таза Қазақстан акциясына белсене ат салысты

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бүгін Оралдағы оқу орындарында жалғасын тапты. Бұл жолы ұйымдастырушылар студенттерге бұл бастаманың мән-маңызын түсіндірді. Акция басталғалы бері облыс орталығы мен аудан-ауылдарда тазалық жұмыстары кең көлемде жүргізілді. "50 таза аула" бастамасына кіріскен жастар қазан айына дейін көпқабатты үйлердің ауласын мұнтаздай қылса, ауылдағы белсенділер елдімекендерді тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Осы бастама арқылы қала тұрғындарын тазалықты сақтауға үндеп, балаларға да үлгі көрсеткіміз келеді, дейді жастар. Өңірде осы экологиялық акцияға жүз мыңнан астам адам қатысып, мыңдаған тонна қоқыс шығарылыпты.

АЛИНА ЖҰМАҒАЗЫ. СТУДЕНТ:

"Таза Қазақстан" акциясы біздің еліміз үшін өте маңызды. Себебі елімізді таза ұстауға, оны ластамауға өте үлкен үлесін қосады. Сол арқылы қазіргі таңда өзіміздің өңірімізді таза әрі әдемі, көркем түрде сақтауымызға көмектеседі. Қазіргі таңда студенттерімізбен осыған дейін 25-ке жуық "Таза Қазақстан" акцияларына қатысқан болатынбыз.