$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Медет Бекжанов: «Ауыл әкімдері жауапкершілігі жоғары буынға айналды»

Медет Бекжанов: «Ауыл әкімдері жауапкершілігі жоғары буынға айналды»

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасына Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Медет Бекжанов қатысып, елімізде ауылдағы әрбір азаматтың дауысы естілетін жаңа кезең басталғанын мәлімдеді.
 

«Ауыл әкімдерін тікелей сайлау реформасы нәтижесінде халықтың сеніміне ие болып, осы қызметке келдім. Бұл реформа ауылдағы әрбір азаматтың дауысы естілетін жаңа кезеңді ашты. Ауыл әкімдері енді халық таңдаған, жауапкершілігі жоғары буынға айналды. Сайланған әкімнің мәртебесі халық алдындағы міндеттемелерді орындау үшін жоғары жауапкершілік пен өкілеттілікті қажет етеді», – деді ол.



Оның айтуынша, ауыл әкімдері өз міндеттеріне кірмейтін тапсырмаларға жиі тап болады.
 

«Бізді заңсыз мал жаю немесе жол көлік оқиғалары үшін әкімшілік айыппұл салуға міндеттейді. Шын мәнінде, әкімдерден тергеу мен іздестіру элементтерін жүргізу талап етіледі. Сонымен қатар әкімдер қаңғыбас жануарларды ұстау, тіпті оларды ату сияқты мәселелермен айналысуға мәжбүр. Ал мұндай жұмыстар жергілікті басшының емес, мамандандырылған қызметтердің құзыретіне жататын міндеттер деп есептеймін. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңда ауыл әкімінің 40-қа жуық құзыреті бекітілген. Алайда жаңа міндеттер ескере отырып, бұл нормаларды қайта қарау қажет деп санаймын»

, – деді ол.