$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ирина Шишкина: Мемлекеттік бағдарламалар ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуда

Ирина Шишкина: Мемлекеттік бағдарламалар ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуда

«AMANAT» партиясы ұйымдастырған Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Вагулин ауылдық округінің әкімі Ирина Шишкина мемлекеттік бағдарламалардың ауыл дамуындағы маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша туған ауылына оралғанын атап өтті.
 

«Мемлекеттік бағдарламалар ауылдағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында бізде 7 жас мұғалім және 1 фельдшер жұмыс істейді», – деді ол.



Әкім «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының ауыл инфрақұрылымын жаңартуда оң нәтиже беріп отырғанын жеткізді.
 

«Бағдарламасы аясында екі ауылдың жолы асфальтталды. Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар көшелер жарықтандырылып, бейнебақылау камералары орнатылуда», – деді ол.



Сондай-ақ Ирина Шишкинаның айтуынша, әкімдер институтының құрылуы – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының айқын көрінісі.