СҚО-да есірткі сатты деген күдікпен астаналық жастар ұсталды. Петропавлда полицейлер Астанадан келген 18 жастағы жігіт пен 17 жастағы қызды ұстады. Тінту барысында тәртіп сақшылары изолентамен оралған, ұнтақ тәрізді зат салынған 3 түйіншек тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, бұл жалпы салмағы 84 грамнан асатын α-PvP атауымен белгілі синтетикалық психотроптық зат. Күдіктілерге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жігіт қамауға алынды, ал оның серіктесіне “келу туралы міндеттеме” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы соңғы кезде бойынша қылмыстық істерде сирек кездесетінін атап өтті. Жыл басынан бері облыс бойынша тәртіп сақшылары 56 жасырын қойып кетушіні ұстады, оның 40-ы қаладан тыс жердікі. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде таратылатын жеңіл табыс уәделеріне алданып қалмауды қатаң ескертеді. Есірткі айналымы арналарының жолын кесу — полицияның негізгі міндеттерінің бірі.