$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТЖМ құтқарушылары 34 адамды эвакуациялады

01.12.2025ж. 07:22
ТЖМ құтқарушылары 34 адамды эвакуациялады

112 пультіне Қызылорда облысы Арал ауданы аумағындағы «Қарабұтак–Қызылорда–Шымкент» автожолының 73-шақырымында шетел азаматтары мінген автобус сынып қалғаны жөнінде хабарлама түсті.

 Автобустың ішінде 34 адам болған. Жолаушылар Ресей Федерациясынан Сарыағаш қаласына бет алған.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары шұғыл жетіп, барлық 34 адамды Арал қаласына жақын орналасқан жылыту пунктіне эвакуациялады.