$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қар жауып, боран соғады: синоптиктер ескерту жариялады

01.12.2025ж. 09:10
Қар жауып, боран соғады: синоптиктер ескерту жариялады
Фото: pixabay

 «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады,- деп хабарлайды Astana TV.

Астана, Жамбыл, Павлодар, СҚО, Ақмола, Абай, ШҚО, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Алматы, Ұлытау, Қарағанды, БҚО, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұман түседі.

Ақмола, Павлодар, СҚО-да көктайғақ болады.

Абай облысының солтүстігінде қар жауып, боран соғады.

Жамбыл облысында жылдамдығы 15–20 м/с болатын жел соғады.

Алдыңғы жаңалық