$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елде автолизинг бағдарламасы іске қосылады

01.12.2025ж. 10:38
Елде автолизинг бағдарламасы іске қосылады
фото: pixabay

Бүгіннен бастап елде автолизинг бағдарламасы іске қосылады,-деп хабарлайды Astana TV  24 KZ-ке сілтеме жасап. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жылдық шекті мөлшерлемені 36%-ке дейін бекітті. Бұған дейін 45 пайызға дейін естептелген еді. 

Бағдарламаның мақсаты – автокөлікті сатып алуды қолжетімді ету. Лизингтің автонесиеден айырмашылығы көлікті алғашқы жарнасыз әрі несиесіз ұзақ мерзімге жалға аласыз. Келісімшарт мерзімі аяқталғанда темір тұлпарды қайта өткізуге немесе қалған берешегіңізді өтеу арқылы сатып алуға болады.

Бұл жерге екінші деңгейлі банктерді кіргізбеу керек. Егер екінші деңгейлі банктерді кіргізсек, ол ертең тура автонесие болады. Соның барлық адамды қанайтын пайыздары бірге кіріп кетеді. Сондықтан бұл жерде бөлек бір компаниялар құрылу керек,- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков.