Оңтүстік-Шығыс Азияда бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдан кейін су тасқыны мен лай көшкіні болып, 4 миллионнан астам адам зардап шекті.
Соңғы мәлімет бойынша, апат салдарынан 800-ден астам адам көз жұмған. Оның ішінде 442 адам Индонезияда, қалғаны Таиланд пен Малайзияда қаза болған. Жүздеген мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Шри-Ланкада да лай көшкіні болып, 212 адам қаза тауып, 218 адам із-түзсіз жоғалған.