$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жетісу облысында ер адамды пойыз қағып кетті

01.12.2025ж. 19:00
Жетісу облысында ер адамды пойыз қағып кетті

Жетісу облысында ер адамды пойыз қағып кетті. «Дос-Сарыөзек» аралығында  келе жатқан пойыз машинисі теміржолға шығып кеткен адамды байқап, тежегішті басады. Бірақ ер адам локомотивтен берілген дабылға мән бермей, шойын жолдан кетпей тұрып алған. Нәтижесінде аяқ жарақатын алып, Сарыөзек ауруханасына жеткізілді. Жазатайым оқиғаның салдарынан пойыз межеге 39 минутқа кешігіп жеткен.

ЛӘЗЗАТ ҚАСЫМЖАНОВА, ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.