Елімізден сәби алып кетпек болған шетелдіктер ұсталды. Күдіктілер Алматы әуежайында қолға түсті. Қытайдан келген екі отбасылық жұп суррогат аналардан туған нәрестемен бірге тексеріс кезінде анықталған. Шетел азаматтарының қолында балалардың құжаттары болған. Алайда, оларды Қазақстаннан шығармапты. Құзырлылар шақалақтарды өзгенің қолына ұстата салғандар кім екенін, құжаттар қалай рәсімделген анықтайтын болады. Оқиға бойынша кәмелетке толмағандарды саудалау бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен Қылмыстық кодексінің 135-бабы бойынша, яғни кәмелет жасқа толмағандарды саудалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу амалдары жан жақты объективті түрде жүзеге асырылуда. Қылмыстық іс аясында басқа да мәлімет жария етілмейді.