$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда 11 сыныптың екі оқушысы сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан

Атырауда 11 сыныптың екі оқушысы сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан

Атырауда  жекеменшік мектепте 11 сыныптың екі оқушысы сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан қыз баланың бірі құлап,  әжетханадағы унитазға басын соғып, жарақат алады. Мектеп  медбикесі  алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ал басшылық ешкімге тіс жармауды өтініп, жағдайды  жылы жапқысы келгенге ұқсайды. Оқиға туралы тиісті органға хабарламаған. Мектептегі жағдай жәбірленуші емес, сыныптастарының бірі арқылы ғана белгілі болады.  Қазір бұл бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Дене жарақатын келтірген арнайы есепке алынды.

ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Қазіргі  таңда күдікті оқушы анықталды. Заңды  өкілдерінің қатысуымен  жауаптар алынып,  оқиғаның барлық мән-жайын анықтау масатында  кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаны құқық қорғау органдарына  дер кезінде хабарламағаны үшін сынып жетекшісі мен  мектеп директорына қатысты іс-құжаттар Атырау облысы  бойынша білім сапасын бақылау  департаментіне жолдануда.