Жамбылда былтыр ғана берілген аспалы көпірге көпшіліктің көңілі толмайды. Себебі, жедел сатысы ертесіне-ақ істен шыққан. Одан адамдар құлап, кейбірінің аяқ-қолы сыныпты. Жауаптылар не дейді? Ттілшіміз тыңдап қайтты.
Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылын темір жол кесіп өтеді. Сол теміржолдан өтетін аспалы көпір керек деп көпшілік жылда жыларман күйде жүретін. Былтыр жарнамасы жер жарып аспалы көпірді аштық деп аймақ басшысы өзі барып лентасын қиған. Ауыл тұрғындары 300 млн теңгеге жуық қаржыға салынған өткелден адам аман өту мұң деп отыр. Себебі сапасы сын көтермейді. Баспалдақтары қирап, жедел сатысы ертесіне істен шыққан. Оны аудан әкімдігі жұртқа жақ аштырмай жасырып, жылы жаба салыпты. Ең сорақысы бұл көпірге адам емес, жүк көтеретін жедел саты қойылыпты.
КҮЛИПА МҰЗБЕКОВА, АСА АУЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Менің балаларым шығып үлгерді да содан шыңғырған балалардың даусы. Ана бала айқайлады, құтқарыңыздаршы, құтқарыңыздаршы әпке шитті өшіріңіз деп. Ана баланы лифтінің ішінен тартып шығарды. Бір нәрсе тарс ете қалды. Мынау түсті ау деймін темір.
ҚАЛИПАШ ЫСТАМҚҰЛОВА, АСА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Ой лифт беріледі! Тек инвалидтерге, тек кәрілерге беріледі деген. Бірде көрген жоқсыз, Бірде-бір рет лифтке шыққан жоқпыз. Істеген жоқ, мынау. Мынадан шығамыз,өліп-тіріліп. Ах-ах – деп!
ЕРЖАН ДАУРЕНБЕКОВ, АСА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бұл лифт адамға арналмаған. Бұл лифт именно жанағы грузовой! Бұл модульный емес. Техникалық талаптарына бұл лиф сай келмейді. Халық үшін салынған дейміз. Сонда бізді ойыншық қылып жатыр ма?! Адамды адам құрлы санап жатқан жоқ. Адам жарақат алып жатыр. Оны олар жасырып жатыр.
Теппешектері тым биік, оған мініп-түсу ақырет дейді ауылдың ардагерлері. Ал 500 келі көтереді деген жедел саты құлаған күйі істемеген. Аудан орталығында 13 мыңға жуық тұрғын болса, соның 2 мыңы шойын жолдың арғы бетінде тұрады. Жасы да, кәрісі де бергі беттегі әлеуметтік нысандарға келу үшін осы өткелден өтеді. Көпшілік бұл асалы көпірді әкімдік қалай қабылдағандарына аң-таң.
НҰРЛАН НЕСІПБЕКОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мердігерді отырғыздым, өзім отырдым. Ары-бері жүргізіп көргенмін. Соңына дейін жеткен жоқ, рас. Талап арыздың негізінде ол мекемені бүгінгі күнге жосықсыз деп таныды сотпен және сол жіберілген кемшіліктерді орнатуға міндеттелді.
Жауаптылар кеткен кемшілікті мойындап отыр. Олар мердігерді сотқа сүйреп жүргендерін айтады. Сот шешімімен нысанға қосымша техникалық сараптама жасалатын болыпты. Жақында барлық ақауларды қалпына келтіреміз деп отыр.