$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде үлескерлер 5 жылдан бері уәде етілген баспаналарына қол жеткізе алмай жүр

AstanaTV
01.12.2025ж. 19:00
Ақтөбеде үлескерлер 5 жылдан бері уәде етілген баспаналарына қол жеткізе алмай жүр

Ақтөбеде үлескерлер 5 жылдан бері уәде етілген баспаналарына қол жеткізе алмай жүр. Құрылысы басталмай тұрып қыруар қаржы құйған азаматтар мердігердің уәдесіне сенген. Компания басшысы сол кезде 5 қабатты тұрғын үйді бір жылдың ішінде тапсырамыз деп сендірген. Алайда 5 жыл өтті, құрылыс әлі бітпей тұр. Тұрғындардың айтуынша, компания басшысы алаяқтық бойынша істі болғаннан кейін жағдай тіпті қиындай түскен.

Өзімнің үйім, өз шаңырағым болады деп армандаған 20 дан астам тұрғынның 5 жылдан бері сенделіп жүр. Көпқабатты баспананың шұңқыры қазыла бастағанда ақша құйған олар  әлі күнге дейін пәтерлеріне кірмеген.  

ГҮЛНАР ИМАНҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бізде осы уақытқа дейін не үй жоқ, не квартира жоқ, не ақша жоқ. Ешқандай медиативное соглашениеге отырған жоқпыз. Біз мысалы өзіміз рабочий адамдармыз. Осы бір комнатты үйде вот-вот береміз деп, достроить етіп береміз деп ана ЖК «Ынтымақ-16» дағы домды. Осы уақытқа дейін әлі ешқандай результат жоқ.

АЙДАНА АБДРАХМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бір бөлмені, бір пәтерді 3-4 адамға сатып тұрғо былай қарағанда, ол қылмыстық іс болып саналады ғо. Солай жүріп бұл үйге арест қойылған болатын. Алайда қазір деген бұл инвесторы деген акиматтан қалай разрешение алып, олар қалай разрешение алып, үйді салып бітіріп тұр. Арест егер қойылған жағдайда болса.

Қалалық прокуратура алдына жиналған үлескерлердің тағдыры да, үміті де бір. 5 жыл бойы сарғайған құжаттарын тасыған олардың бармаған жері қалмапты.  Үлескерлер әрқайсысы 8-13 млн теңгеден жинап берген. Жалпы шығын 120 млн теңге. «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалған.  

БОЛАТ САЛАМАТ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:

Аталған істің мәнжайы қылмыстық процесстік кодекстің 201ші бабына сәйкес жариялануға тиісті емес. Жалпы істің барысы қала прокуратурасының бақылауында.

Ал құрылыс компаниясы өз жағдайын айтып, ақталуда. Пандемия, қымбатшылықпен жоғалған инвесторлар себеп, дейді серіктестік өкілі. Былтыр құрылыс жұмыстары қайта жанданған. Алайда тым кеш. Үлескерлердің сенімі жоқ. Олар енді баспана емес, қаражаттың қайтарылуын талап етіп отыр.