$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Енді өзгенің жұбайына «лайк» басқандар заң алдында жауап береді

01.12.2025ж. 19:00
Енді өзгенің жұбайына «лайк» басқандар заң алдында жауап береді

Енді өзгенің жұбайына «лайк» басқандар заң алдында жауап береді. Яғни, сіз екінші жартыңыздың әлеуметтік желіде өзгеге лүпіл басқанын көрсеңіз, ажырасуға арыз бере аласыз. Бұдан былай бұл әрекет екіге кетудің ресми себебі бола алады. Заңға өзгеріс енді. Әріптесім Аружан Задабек «Өзекті» айдарында толығырақ түсіндіреді.

Қайырлы кеш, көрермен! Өзекті тақырыптарды бірге талқылаймыз. Экраннан алыс кетпеңіз!

Енді желіге кіргенде сақ болыңыз. Саусағыңыз абайсызда өзгеге лүпіл басса, шаңырағым шайқалды дей беріңіз. Бұдан былай біреудің жұбайына әлеуметтік желіде «лайк» басу ажырасуға ресми себеп бола алады. Бірақ, бізде емес. Түркия осындай заң қабылдапты. Мұндай шешім Кайсери қаласындағы ерлі-зайыптылар арасындағы даудан кейін шыққан. Жұбайлар бір-біріне қарсы ажырасу туралы талап берген. Әйел күйеуінің оған ақша бермейтінін, қорлайтынын және тұрақты түрде басқа әйелдердің суреттеріне лүпіл басатынын айтқан. Соңында отбасылық сот ер адамны кінәлі деп тауып, әйелге алимент пен өтемақы төлеуге міндеттеді. Сот үкімінде әлеуметтік желідегі лайктар дәлел ретінде көрсетілген.

БЛИЦ:

- Бәрі сол лүпілден басталады. Сосын жазысады, кездеседі, одан соң шөп салу болады.

- Керек заң. Егер бірнеше жыл басқа әйелмен тұрып келсе, ер адамды әкелік құқығынан айыру керек. Моральдық шығын өндіру керек.

- Күшіне енсін. Біраз еркек заң алдында жауап беретін шығар. Өте орынды. Көздерін тиып жүрер.

Енді елдегі өзгерістерге тоқталайық. Келесі жылдан бастап боқтау да, қоқыс тастау қымбаттайды. Айтпағым, айыппұл өседі. Биылғымен айырмашылық мынандай. Қоғамдық жерде былапыт сөз айту. 78 640 теңгеден 86 500-ге дейін артады. Қоқыс тастағаны үшін де 86 500, қоғамдық жерде алкоголь ішсеңіз 43 250 теңге төлейсіз. Ал вандализм 865 000 теңгеге дейін көтеріледі.

БЛИЦ:

- Дұрыс автобуста апалар аузына келгенін айтады.

- Дұрыс, боқтамау керек. Қазір жастарда ұят жоқ. Үлкен кісілер өтіп бара жатса сөздер айтып тұрады, тәрбие жоқ.

Қазақстанда энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатқан және сауда ережелерін бұзғандарға айыппұл салынады. Естеріңізде болса, бір жыл бұрын энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынған еді. Бірақ ол кезде заң бұзылса ешкімді жазалау мүмкін болмады. Сонын салдарынан болса керек тауарға тыйым әлі толық жүзеге аспаған. Енді жаңа жылдан бастап заңға қарсы әрекет жасаған кәсіпкерлер 1 жарым миллионнан аса айыппұл төлеуі мүмкін.

БЛИЦ:

- Мүлдем алып тастасын. Пайдасы жоқ. Тек өлімге алып келуде энергетикалық сусындар.

- Сатушылардың не кінәсі бар? Энергетикалық сусынды алып тастасын қолданыстан.

- Біз зайырлы мемлекетпіз. Өзіміз білеміз не ішсекте.

Құрметті көрермен, бүгінге осы. Келесі кездескенше.