$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістанда «Жасанды интеллект дәуірінде медиа және бейбітшілік журналистикасы» атты дөңгелек үстел өтті

Түркістанда «Жасанды интеллект дәуірінде медиа және бейбітшілік журналистикасы» атты дөңгелек үстел өтті

Түркістанда «Жасанды интеллект дәуірінде медиа және бейбітшілік журналистикасы» атты дөңгелек үстел өтті. Шарада жетекші сарапшылар, ғалымдар, журналистер және қоғам қайраткерлері жасанды интеллекті қауіпсіз қолдану мәселелерін талқылады. Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект дәуірінде жаңалықтар мен оқиғалар тез өзгеріп,  болжап болмайтын бағытта дамиды. Сондықтан агрессия, эмоциялық манипуляциялар мен жалған ақпаратқа қарсы, әрі ерекше сақ болу қажет дейді. Бұл бейбітшілік журналистикасының міндеттерінің бірі болмақ. Жиынның мақсаты да осы-медианың, этиканың және жасанды интеллекттің өзара байланысын бейбітшілік журналистикасы тұрғысынан талқылау, ақпарат кеңістігінде жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын нығайту жолдарын айқындау. 

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Медиа саласының үлкен тектоникалық өзгерістерге түсіп, архитектурасының өзгеріп жатқаны белгілі. Осы кезде медиа формалар, әсіресе жасанды интеллект алгоритмдері бұл ізгіліктің кілтіне айналуы тиіс. Ол өшпенділікке емес, татулыққа бастауы тиіс. Жалпы дін, этика, этникалық мәселелер, отбасыдағы зорлық-зомбылықтан бастап, қоғамдағы татулық тіліндегі көптеген тақырыпты қамтиды.